Бүгін біздің гимназия қабырғасында «Қар десанты» еріктілер эстафетасы өтті❄️
Аталған іс-шараға мектеп парламентінің мүшелері, ерікті оқушылар белсене қатысып, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Эстафетаның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумағы мен әлеуметтік нысандардың алаңдарын қардан тазартып, қоғамға пайдалы еңбек атқарды.
Сонымен қатар, бұл эстафета жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық жақсы бастамаға айналды. Осындай игі істер арқылы оқушылар «Таза Қазақстан» идеясының маңызын терең түсіне білді.
#ҚарДесанты
#акиматАстаны
#oquagartu
#RUMCDO
#білімАстана
#мектепішілікстуденттікпарламент
#еріктілерэстафетасы
#мектеппарламенті
#ТазаҚазақстан

@oqu_aqartu_ministirligi
@k.sengazyyev_official
@baikenyesset
@sherraisa
@parlament_school_student
@bilimastana
@rumcdo_official