«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Жас толқын» байқауы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін, жоғары шығармашылық әлеуетін көрсетті. Байқаудың ерекше әрі әсерлі өтуіне ата-аналар мен жас ұстаздардың белсенді қатысуы ықпал етті.
Қатысушылар әртүрлі репертуарымен, орындаудағы шынайылығымен көрермен көңілінен шықты. Байқау соңында барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Мектептегі қосымша білім беру үйірмелері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Үйірмелер арқылы оқушылар жауапкершілікке, тәртіпке, ұжыммен жұмыс істеуге және өз қабілетін бағалай білуге тәрбиеленеді. Үйірме жұмысы баланың тұлғалық дамуына, қызығушылығы мен болашақ бағытын айқындауына ықпал етеді.
