Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні 5 гимназияның 5-сынып оқушыларына арналған “Smart Bala” жобасы аясында “Өнертапқыштыққа алғашқы қадам” конкурсы өтті.

5-сынып оқушылары мен ата-аналарынан құралған “Алгоритм”, “Робо-Тех” командалары сайысқа түсті. Командалар Ақпарат көздері, дұрыс бағдарлама, Robot Body, Анаграмма, Жұбын тап, Білім эстафетасы, менің жобам кезеңдері бойынша тапсырмалар орындады. Жас өнертапқыштардың қиялынан туған авторлық робот жобасын таныстырды. 1-топ зерттеу роботын, 2-топ ауыр жүктерді тасуға арналған адамға көмекші робот жасады.