Астана қаласы №5 гимназияда Адал Азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Заң және Тәртіп айлығы барысында мектебімізде “Нағыз ер азамат болу — намыс пен жауапкершілік” ашық диалогы ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың ер азамат туралы түсінігін кеңейту, намыс пен жауапкершілік ұғымдарының маңызын ашу, адалдық, сабырлылық, азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, қоғамда өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу;
Аталған іс- шараға 6-10 сыныптың әкелері арасынан 16 әке және Ауған соғысының ардагері, «Айбын» орденінің III дәрежесінің иегері, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «MSK Engineering» ЖШС инженері Солтыбаев Талгат Кадырбекович, Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдардың ардагері — Смағұлов Жанназар Шаукенов қатысты.
“Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттарына сәйкес тәрбиелік, өмірлік жағдаяттарды кірістіре отырып, сұрақ- жауап түрінде өте әсерлі өтті. 10- сыныптарда «Ар-намыс пен жауапкершілік: нағыз ер-азамат болу» — ер балалармен ашық диалог, 9-сыныптарда – «Жауапкершілік — нағыз ер-азаматтың басты белгісі» — дөңгелек үстел, 8 сыныптарда «Менің мамандығым — менің жауапкершілігім» — ер балалардың әкелерімен кездесу, 7 сыныптарда «Ұрпақтар сабақтастығы — тұлғалық дамудың негізі» — дәріс сабақ, 6 сыныптарда — «Әке мен бала сұхбаты: Мамандыққа ашық жол» — ашық диалог, 6-10 қазақ сыныптарында «Тәрбие тамыры – отбасында» — әкелермен еркін әңгіме форматында өтті. Келген қонақтарға жылы ілтипат білдіріп, естелікке суретке түсірумен аяқтадық.

Хэштегтер:
#АшықАлаң
#ӘкеТәрбиесі
#НағызЕрАзамат
#ОтбасыҚұндылығы
#БалаҚауіпсіздігі
#ӘкеЖауапкершілігі
#ҚұқықтықСауаттылық
#ӘкеМенБала
#ТәрбиеніңТірегі