“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында бейсенбі – Тазалық пен денсаулық күніне орай 9 “Г” сынып оқушылары арнайы видео түсіріп, салауатты өмір салты мен тазалықтың маңыздылығын насихаттады.
Жас ұрпақтың тазалық пен денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыру – болашақтың берік негізі!

#БіртұтасТәрбие #ТазалықКүні #ДенсаулықКүні #СалауаттыӨмірСалты #9ГСыныбы #Гимназия5

 

 

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында ұйымдастырылған Денсаулық күніне орай 9 “Б” сынып оқушылары белсенділік танытып, арнайы видео түсірді. Саулығымыз – баға жетпес байлығымыз!”
#БіртұтасТәрбие #ДенсаулықКүні #9БСыныбы #СалауаттыӨмірСалты #МектепӨмірі

 

 

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында сәрсенбі – Кәсіптік бағдар күніне орай мектебімізге Түркиядан арнайы мамандар келіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға Түркияда білім алудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріліп, қажетті құжаттар мен оқуға түсу жолдары бойынша нұсқаулық ұсынылды.

Кездесу соңында Түркия университеттеріне грант жеңіп алу үшін арнайы конкурс ұйымдастырылды.
Оқушылар үшін өте пайдалы, мотивацияға толы күн болды!

#БіртұтасТәрбие #КәсіптікБағдар #ТүркиядаОқу #Грант #Профориентация #БолашақМаман #Гимназия5

 

 

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында сәрсенбі – Кәсіптік бағдар күніне орай мектебімізге Технологиялық колледждің мамандары келіп, кәсіптік бағыт-бағдар берді.

Кездесу барысында колледж өкілдері білім ордасының мүмкіндіктерін таныстырып, қандай мамандықтар бар екенін және грантпен оқуға түсу шарттарын жан-жақты түсіндіріп өтті.
Оқушылар өз болашақ мамандығы туралы ой түйіп, жаңа ақпаратпен танысты.

#БіртұтасТәрбие #КәсіптікБағдар #ТехнологиялықКолледж #МамандықТаңдау #ГрантМүмкіндігі #Гимназия5

 

 

Құрманғазының Балбырауын күйі
Халық күйі Келіншек
Халық күйі Нар ағаш, Халық күйі Сал күрең
Дәулеткерей Көроғлы

 

Наурыз мерекесіне орай «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінде мектеп оқушылары “Балбырауын” «Келіншек» күйлерін орындады.

 

2025 жылдың 20 наурыз күні №5 гимназияда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту мен салт -дәстүрді таныту мақсатында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай оқушылар өз сыныптарын ұлттық нақышта безендіріп, ауыл атауын берді. Оқушылар қазақтың дәстүрлері туралы айтып, ұлттық ойындарды көрсетті, домбырада күмбірлетіп күй тартты, халық әндерін шырқап, бата берді.
Бұл өте әсерлі әрі жүрекке жылы болды!

 

 

3Б, 4Б сыныптары Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен атап өтті! 🌿✨ Ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталып, мереке керемет көңіл-күй сыйлады! 🎉🇰🇿
#22наурыз #құттыболсын

 

⚜️«ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ»⚜️
“ 11А “ сыныбы🔱

#біртұтас_тәрбие
#ұлттық_құндылық
#наурыз

 

Қазақ арулары – ұлттың көркі!

11А сыныбының арулары Наурыз мерекесіне орай көз тартарлық ұлттық киімдермен сән-салтанат құрды. Әсем камзолдар, нәзік әшекейлер – бәрі қазақ мәдениетінің байлығын көрсетеді.

Нағыз қазақ қызының сұлулығы – оның ізеттілігі мен инабаттылығында. Бұл бейнебаянда тек әдемі киім ғана емес, ұлттық рух пен дәстүрге деген құрмет көрініс табады.

Наурыз құтты болсын! Ұлттық мұрамыз мәңгі жасай берсін! ✨

 

Жер бетіне жылулық сыйлаған әз-Наурыз келді!
Бұл – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің мейрамы.
11А сыныбы ұлттық киіммен ақ дастарқан басына жиналып,
Ұлыстың ұлы күнін қуанышпен қарсы алды.

⚜️Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!⚜️

 

“Көктемнің шуағы, Наурыздың нұры! ☀️🌿 Біздің нәзік аруларымыздың керемет видеосы сіздерге көктемгі көңіл-күй сыйласын! ✨💐 Наурыз құтты болсын! 🌸🎉”

 

“Біртұтас тәрбие” жобасы аясында дүйсенбі – Әдеп күні болып белгіленген. Осыған байланысты 5А сыныбынан әдеп күніне байланысты видеоролигімізді қабыл алайық.
Видео оқушылардың әдептілік ережелерін сақтауын, сыпайылық, құрмет көрсету сияқты тәрбиелік мәні бар әрекеттерін қамтуы мүмкін.
#Біртұтастәрбие #дүйсенбі #әдепкүні #5гимназия