БОС ОРЫНДАР
№5 Гимназиясы педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу мерзімі: 2026 жылдың 24-тамызынан 2-қыркүйегіне дейін.
Байланыс телефоны: +7 (7172) 98-71-26.
Конкурс нәтижелері №5 Гимназияның ресми сайтында жарияланады.
Орыс тілі мұғалімі
Қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілінен сабақ беру.
Талаптар:
- тиісті бейін бойынша педагогикалық білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- орыс тілін оқытудың заманауи әдістемелерін білу;
- оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыра білу;
- заманауи білім беру технологияларын меңгеру.
Физика мұғалімі
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда физика пәнінен сабақ беру.
Талаптар:
- тиісті бейін бойынша педагогикалық білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- пәнді және оны оқытудың заманауи әдістемелерін білу;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістерін меңгеру;
- практикалық және зертханалық сабақтарды ұйымдастыра білу;
- цифрлық білім беру ресурстарын қолдана білу.
Ән-күй пәнінің мұғалімі
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда музыка пәнінен сабақ беру.
Талаптар:
- бейіндік педагогикалық немесе музыкалық-педагогикалық білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- музыканы оқыту әдістемесін білу;
- оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыра білу;
- музыкалық аспап — домбыраны меңгеру.
Әлеуметтік педагог
Талаптар:
- тиісті педагогикалық білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- әлеуметтік педагогика және жас ерекшелік психологиясының негіздерін білу;
- оқушылармен және олардың заңды өкілдерімен жұмыс істей білу;
- гимназия педагогтерімен және басқа мамандармен өзара жұмыс жүргізу;
- балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құжаттарды білу.
Педагог-психолог
Талаптар:
- бейіндік білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- жас ерекшелік және педагогикалық психологияны білу;
- психологиялық диагностика, кеңес беру және профилактикалық жұмыс әдістерін меңгеру;
- оқушылармен, педагогтермен және ата-аналармен жұмыс істей білу;
- кәсіби әдеп қағидаларын және құпиялылық талаптарын сақтау.
Көркем еңбек мұғалімі
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда көркем еңбек пәнінен сабақ беру.
Талаптар:
- тиісті бейін бойынша педагогикалық білім;
- біліктілік санаты — «педагог-сарапшыдан» төмен емес;
- көркем еңбекті оқыту әдістемесін білу;
- пән бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;
- оқушылардың жобалық және шығармашылық қызметін ұйымдастыра білу;
- практикалық сабақтар кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес гимназия педагог қызметкерлерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдайды.
