2026 жылғы 25 наурыз — Қалалық деңгейде ұсынылған авторлық бағдарламалар
25.03.2026 ж. — қалалық деңгейде авторлық бағдарламалары ұсынылған мұғалімдерді құттықтаймыз: Алдонгарова А.К., Бахриденова Т.М., Бейсембаева Б.Т., Магзаева Р.Д., Сулейменова Ж.А., Боканова Г.С., Аубакирова А.А., Шырынбек Н.Е., Яремчук В.Д.!!! Хасанова Г.Ж.-ның бағдарламасы РОӘК-ке сараптамаға жолданды!!! Құттықтаймыз!

2026 жылғы 19 наурыз — «Geograf shyny» қалалық байқауындағы жетістік


2026 жылғы 19 наурызда география пәнінің мұғалімі Муканова Жұлдыз Абайқызы қалалық «Geograf shyny» байқауына қатысып, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді. Құттықтаймыз!!!

2026 жылғы 2 наурыз — Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара
2026 жылғы 2 наурызда Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Сондай-ақ дарынды оқушыларды дайындап, гимназияның зияткерлік әлеуеті мен дарындылықты дамытуға зор үлес қосқан педагогтер Алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

2026 жылғы 27 ақпан — Брагин Тимур — республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері
2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде техника секциясы бойынша Брагин Тимур ІІ орын иеленді. Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Молдахметова Роза Уразағалиевна. Құттықтаймыз!

2026 жылғы 20 ақпан — «Табиғат айнасы» қалалық байқауындағы жүлделі орындар
2026 жылғы 20 ақпанда №5 гимназиясының оқушылары «Табиғат айнасы» қалалық байқауына қатысты. Нәтижесінде: Бондарева Екатерина II орын, Шульгина София III орын иеленді. Жетекшісі — Молдахметова Роза Уразгалиевна. Құттықтаймыз!

2026 жылғы 19 ақпан — 5–6 сынып оқушылары арасындағы қалалық олимпиада қорытындысы
2026 жылғы 19 ақпанда 5–6 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өтті. Нәтижелері: Волкова Мирослава – ІІІ орын, Охроменко Константин – грамотамен марапатталды (жетекшісі Сыздыкова А.Б.), Досумбаев Абдрахман – грамотамен марапатталды (жетекшісі Байзирова К.М.). Құттықтаймыз!!!